Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев бірқатар маңызды мәселелер, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өткізді
Кездесу барысында Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік кіріс, Ішкі мемлекеттік аудит, Қаржы мониторингі, Қазынашылық, Мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеттері төрағаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептерін тыңдады.
Жауапты хатшы сеніп тапсырылған персоналдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамағаны үшін басшы буынның міндетті жауапкершілігін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шараларының қажеттілігін атап өтті.
Кеңес аясында «ҚР ҚМ Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Е. Жамаубаев комитеттерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерімен ынтымақтастықты жалғастыруды тапсырды.
Отырыста отставкаға кету немесе мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыру туралы заңнамалық нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер алгоритмді талқылады.
Сондай-ақ этика кодексінің талаптарына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі де егжей-тегжейлі талдауға ұшырады, қызметкерлердің мемлекеттік қызмет мәртебесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуіне назар аударуға тапсырма берілді.
Кеңес соңында нақты тапсырмалар беріліп, ұжымдардағы еңбек және орындаушылық тәртіпті міндетті түрде сақтауға баса назар аударылды.