
«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы бұйрығының жобасы
Жобаны әзірлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
68-бабының 1-1-тармағына сәйкес жүргізілді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаны іске асырудың мақсаты биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы салық төлеушіні сәйкестендіру болады.
Жоба ағымдағы жылдың 18 шілдегі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі ағымдағы жылдың 1 тамыз.