Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы

Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес өз қызметінің тиімділігін арттыру және ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі «Қоғамдық мониторингті» тұрақты түрде жүзеге асырады.

Мәселен, Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Д.Жанәліновтің «Қаржы министрлігінің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы», сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің қорытындылары туралы есебі тыңдалды.

Өз баяндамасында Данияр Еренғалиұлы жұртшылықты Министрлік қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы, салықтық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, ішкі мемлекеттік аудит және мемлекеттік сатып алу рәсімдері, жекешелендіруді іске асыру барысы және т. б. туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, Д. Жанәлінов Министрліктің цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі басым міндеті туралы ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, Қоғамдық кеңес төрағасы үшінші шақырылым қызметінің қорытындылары туралы баяндады, онда ол есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз сөзінде Р. Жүрсінов Министрліктің халықпен кері байланысының тиімді тетігі және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық сектор мен бизнес қоғамдастықтың кәсіби пікір алмасуына арналған платформа ретіндегі қоғамдық кеңестің ерекше рөлін атап өтті.

Күн тәртібіне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшесі Ақан Арыстан барлық бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы цифрлық форматқа көшірудің пайдасы туралы ақпаратпен бөлісті, бұл көлеңкелі экономиканы азайтуға, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен деректер алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.