БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қаржы министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №451 ДСП «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес әзірленді. Факторлық-балдық шкала бойынша аңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бекітілді және мүгедектерді мүгедек адамдарға қайта атау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылы 8 шілде айында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 21шілдеге дейін.