«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы Заңымен «мүгедек», «мүгедек балалар», «мүгедек бала» терминологияларына қатысты өзгерістер енгізілді және «мүгедек адам», «мүгедек балалар», «мүгедек бала» сөздерімен ауыстырылды.
Осыған байланысты, «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.
Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 4 шілдеде орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 19 шілдеге дейін.