
Кездесу барысында тараптар жаһандық перспективалар мен сыртқы және ішкі факторлардың әлемдік әрі жергілікті нарықтарға әсерін, шикізат пен азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсуін, сондай-ақ инфляцияның өсуіне қарсы күрес шараларын талқылады.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі жергілікті нарыққа шетелдік инвесторларды тарту және нарық өтімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздарды JP Morgan халықаралық индексіне енгізу әрі Euroclear халықаралық депозитарийімен арна құру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.
Дэниель Зеликов мырза жаһандық және жергілікті нарықтардағы ағымдағы үрдістерге тоқталды, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын JP Morgan халықаралық индексіне енгізуге қатысты бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында Ерұлан Жамаубаев Дэниел Зеликов мырзаға Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, одан әрі берекелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.