«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы (бұдан әрі- Жоба).

«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасының  Үкіметінің қаулы (бұдан әрі- Жоба).

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жоба теңгедегі депозиттердің тартымдылығын арттыруға, банк секторын қорландыру базасын тұрақтандыруға және бағамдық ауытқулардың әсерін бәсеңдетуге бағытталған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақыны (сыйлықақыны) теңгемен есептеуді көздейді, бұл долларландырудың өсуін тежеу есебінен Қазақстанның қаржы нарығына тұрақтандырушы әсер етуге мүмкіндік береді.

Жоба 2022 жылғы 22 маусымда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған.

Қоғамдық талдаудың мерзімі 2022 жылғы 7 шілдеге дейін.

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14131971).