Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік-экономикалық даму, инфляция деңгейін төмендету, қосымша бюджеттік шығыстар, сондай-ақ капиталды қайтару жоспарларын талқылады.

Ерұлан Жамаубаев экономика мен өңірлерді дамытуға, халық табысының өсуін қамтамасыз етуге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоспарлы шараларға тоқталды.

Сэр Сума Чакрабарти осы бағыттар бойынша ұсынымдарымен бөлісті және халықаралық тәжірибені енгізе отырып, Қазақстан Үкіметімен одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Ерұлан Жамаубаев Сэр Сума Чакрабарти мен оның командасына ынтымақтастық пен Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.