«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспа-сөз

«Бағалау стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасына                                                     Баспа-сөз

«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі-бұйрық жобасы) бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бағалау қызметінің субъектілері үшін бірыңғай талаптарды белгілейтін бағалау стандарттарын жетілдіру шеңберінде әзірленді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылған, оның құрамына Министрліктің, бағалау қоғамдастығының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының қаржыгерлер қауымдастығының, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің өкілдері кірген.

Бұйрық жобасында бағалау стандартын қолдану және объектілерді бағалау кезінде бағалаушының біліктілік куәлігінің болуы бөлігінде заңнамалық реттеу көзделген, анықтамаларға екіұштылық түсіндіруді болдырмау, бағалаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып, жекелеген терминдердің біркелкілігіне келтіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға жол бермеу мақсатында редакциялық түзету мен әдіснамалық нақтылау жүзеге асырылған.

Бұйрықтың жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлік объектісінің құнын айқындау үшін салыстырмалы тәсілді қолдану бөлігіндегі ұсынысы ескерілді. Осы норма жосықсыз бағалаушылар тарапынан теріс пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді және бағаланатын объектінің нарықтық бағасын айқындау үшін объективті факторларды белгілеуге ықпал етеді.

Бұдан басқа, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрық жобасы бұйрықтың мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күнін алып тастау көзделеді.

Осы бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 20 мамырда (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14100996) ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды –өткізу мерзімі 2022 жылғы
3 маусымға дейін.