Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады

Е. К. Жамаубаев өз сөзінде кірістер бойынша жоспар 41 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар 11 млрд. теңгеге артығымен орындалғанын атап өтті. Атап айтқанда, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына тиесілі.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 122%-ға орындалды және 2 трлн. 154 млрд. теңге, яғни қосымша 388 млрд.теңге оның ішінде салықтар бойынша – 357 млрд. теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,1%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ға орындалды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 5 айында камералдық бақылаумен 5,3 трлн астам сомаға 328,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылғаны және 957-ден астам аудиторлық іс-шара өткізілгендігі атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 80 млрд.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері 71 млрд. теңгеге тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен бұзушылықтарды жойды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру туралы айтып берді.