Астық экспорты кезінде «сұр» схемалар қалай анықталады

Астық экспорты кезінде «сұр» схемалар қалай анықталады

Мемлекеттік кірістер комитеті астық нарығының қатысушыларына қосылған құн салығын оңайлатып қайтару бойынша пилоттық жобаны жүргізуде. Пилоттық жоба осы саланы сауықтыруға және жосықсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған.

Жалпы 2019-2021 жж. импорт 157 млрд. теңгеге 2,7 млн. тонна астықты құрады (орташа баға – 57 мың теңге). Оның ішінде Ресей Федерациясынан – 145 млрд. теңгеге 2,7 млн. тонна астық (орташа баға – 54 мың теңге).

Өз кезегінде, астық экспорты 2,1 трлн. теңгеге 20,2 млн.тоннаны құрады (орташа баға 103,6 мың.теңге). Оның ішінде РФ – 55 млрд. теңгеге 441 мың. тонна (орташа баға 125,2 мың. теңге).

2019-2021 жылдары астық пен ұнды экспортқа шығарушыларға 127 млрд. теңге мөлшерінде ҚҚС қайтарылды, оның ішінде: 2019 жылы 21 млрд.теңге, 2020 жылы 27 млрд. теңге, 2021 жылы 50 млрд. теңге.

Сонымен қатар, РФ-нан импортталған бидайдың үшінші елдерге, оның ішінде «сұр» схемалар бойынша кері экспорттау және олар бойынша ҚҚС өтеу тәуекелдері бар екенін ескеру қажет.

Мұндай тәуекелді болдырмау үшін Комитет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаны іске асырды (Ресей Федерациясының тәжірибесіне ұқсас, "АӨК саласындағы Хартия").

Жоба нарықтағы заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимыл жүргізеді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты. Басты мақсат - бұл саланы сауықтыру және жосықсыз бәсекелестікті жою.