Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Қызылорда, Түркістан облыстарына және Шымкент қаласына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Қызылорда, Түркістан облыстарына және Шымкент қаласына жұмыс сапары

Жұмыс сапары мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзу жағдайларын болдырмас үшін профилактика мақсатында ұйымдастырылды.

 

Іс сапар барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясовтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі өтті.

 

Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залдарында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшы құрамының қатысуымен дәріс өткізілді.

 

Дәріс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

 

Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттер арасында өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметшілер арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталған футбол бойынша жолдастық турнир ұйымдастырылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.