
Шешім қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, құжат айналымын қысқарту мақсатында, Мемлекет басшысының мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы министрлігі консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізді.
Осылайша, Министрлік Үкімет жанындағы 8 консультативтік-кеңесші орган бойынша жұмыс органы болып табылды, оның ішінде 3-еуі таратылды, ал 2-еуі оларды министрлік деңгейіне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, Министрліктің 18 жұмыс тобының бүгінгі таңда 7 және 1 жұмыс тобы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы қабылданғаннан кейін таратылатын болады.
Бұдан басқа, 5 жұмыс тобын біріктіру, оларды 2-ге қайта құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша министрлікте 12 Консультативтік-кеңесші орган мен жұмыс тобы қалады, оның ішінде 9 Министрлік жанында.
Министрлік жүргізіп жатқан жұмыс шешім қабылдауды алқалы органға ауыстырмай-ақ, мемлекеттік аппараттың дербес жауапкершілігін арттыруға және шешімдер қабылдау процесінің бюрократтануын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл да елде туындайтын жағдайларға жедел ден қоюға, ашықтыққа, реттілік пен жауапкершілікке бағытталған мемлекеттік аппараттың жұмыс стилі өзгеретін жаңа Қазақстанды құру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бұл жұмысты Министрлік тұрақты негізде жүргізетінін және өз жұмысын орындаған консультативтік-кеңесші органдар оңтайландырылатынын атап өту қажет.