«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (бұдан әрі – жоба) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ережеге оны өзектілендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жоба «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 және 887 Жарлықтарына және «Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 885 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені өзектендіруге және оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жоба 2022 жылдың 2 маусымда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды (www.beta.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz)(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14112182) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.