
2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тренинг ұйымдастырды, онда Дүниежүзілік банк консультанттары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 41 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандарты қоғамдық сектор (ХҚЕСҚС) таныстырды. Тренингке ҚР Қаржы министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты.
Осы стандарт мемлекеттік қаржы активтерін жіктеудің және бағалаудың біріңғай моделін және құнсыздануға тестілеуге жататын барлық қаржы құралдарына сыйақы берілетін кредит залалдарының біріңғай болжамды моделін қолдана отырып, есепке алудың жаңа моделін білдіреді.