
Жоба республикалық, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша және облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 95 «Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» шешімі негізінде әзірленді.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №404 бұйрығына бюджеттік процесті жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған http://legalacts.egov.kz) 27 мамыр 2022 жыл.