Бірыңғай ұйымдастырушшының 2021 жылғы қорытындысы

Бірыңғай ұйымдастырушшының 2021 жылғы қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретіндегі қызметі мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, өзара келісімді нығайту арқылы жеңімпаз өнім берушіні таңдау кезінде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған, тапсырыс берушілер мен бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы арасындағы бақылау және жеңімпаз өнім берушіні таңдау кезіндегі кәсіби емес бәсекелестік және аукциондық комиссиялармен байланысты, құқықтық және техникалық құзыретінің жеткіліксіздігінен және мемлекеттік сатып алуда мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың жасырын монополиясының туындауынан көрінетін тәуекелдерді жою.

Қазынашылық комитеті «Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы                                              29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығының № 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады» және 2021 жылға жалпы сомасы 206 896,2 млн.теңгеге 4148 мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдер аяқталды, олар бойынша шартты үнемдеу 5 355,3 млн.теңгені (2,6 %) құрады, оның ішінде:

Тауарлар – 167 046,6 млн.теңге сомасына 4 003 сатып алу, оның ішінде:

- автомобильдер – 106 204,9 млн.теңге сомасына 3 747 сатып алу;

- жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 4 368,0 млн.теңгеге 8 сатып алу;

- жиһаз – 293,7 млн.теңгеге 1 сатып алу;

- серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері – 51 385,0 млн.теңге сомасына 217 сатып алу;

- медициналық техника – 4 795,0 млн.теңгеге 30 сатып алу.

  Жұмыстар – 20 734,7 млн.теңгеге 29 сатып алу, оның ішінде:

- құрылыс, оның ішінде күрделі жөндеу – 19 365,5 млн.теңге сомасына                       20 сатып алу;

- жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс – 1 369,2 млн.теңгеге 9 сатып алу;

Қызметтер – 19 114,9 млн.теңгеге 116 сатып алу, оның ішінде:

- бағдарламалық-аппараттық кешен мен ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру, техникалық қызмет көрсету және техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер – 17 754,1 млн.теңге сомасына 97 сатып алу;

- инжинирингтік қызметтер – 941,3 млн.теңгеге 14 сатып алу;

- полиграфиялық қызметтер – 419,5 млн.теңгеге 5 сатып алу.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы                            2 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу пилоттық жобасын іске асырудың Жол картасына сәйкес Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу пилоттық жобасы» бойынша Қазынашылық комитеті 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында орталық мемлекеттік органдар (ҚМ, ӘМ, АШМ, ИИДМ) және олардың аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай мемлекеттік сатып алулар жүргізді.

Сондай-ақ, Қазынашылық комитеті мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай республикалық тізілімдерді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

Осылайша, Комитет өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізуге тапсырыс берушілерден түскен 17 572 өтінімді қарады, оның нәтижелері бойынша 13 135 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, қалған өтінімдер қайта қарауға қайтарылды (негізінен тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген өтінішке сот шешімінің заңды күшіне енген күні туралы белгі жоқ болған жағдайда немесе сомаларды өндіріп алуға ғана арналған атқару парағын қоса тіркейді; тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында өтінімді толтыру кезінде деректерді қате енгізген жағдайда).