Бүгін Қаржы вице-министрі Д.Жаналиновтің қатысуымен бюджеттің ашықтығы бойынша халықаралық рейтингінің нәтижелерін жариялау мақсатында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды

Бүгін Қаржы вице-министрі Д.Жаналиновтің қатысуымен бюджеттің  ашықтығы бойынша халықаралық рейтингінің нәтижелерін жариялау мақсатында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды

Баспасөз конфренциясында Д. Жаналинов Қаржы министрлігі қажетті ақпаратты ашық әрі қолжетімді түрде орналастыру және орналастырылатын ақпаратты жүйелендіруді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Өз сөзінде Қаржы вице-министрі Д.Жаналинов ашық бюджет индексі Үкімет жұмысының стратегиялық индикаторларының бірі болып табылатынығына назар аударды. Сонымен қатар министрлік алдағы жылдары қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы Ашық бюджет индексін жақсартуды көздеп отырғандығын жеткізді.

Халықаралық бюджеттік серіктестіктің зерттеушісі Ж.Жандосова Қазақстанның тарихи деректер мен қаржылық емес көрсеткіштерді жариялауды кеңейту арқылы ашық бюджет индексін арттыруға айтарлықтай мүмкіндіктерге ие болатынын  айтты. Сондай-ақ Ж.Жандосова Қазақстанның көрші елдермен салыстырғанда рейтинг бойынша нәтижелерін едәуір жақсартқанын атап өтті.

Қоғамдық кеңес төрағасы Р.Жүрсінов азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы тұрақты негізде жүргізілуі керектігін хабарлады. Кеңес төрағасы жоспарлау кезеңінде аса маңызды, ұтымсыз шығындар мен ақталмайтын алымдарды болдырмау үшін фискалдық саясат бойынша да, әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығыстар бойынша да пікірді ескеру қажеттігін ұсынды.