Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Жамбыл облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Жамбыл облысына жұмыс сапары

Іс сапар барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясовтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі өтті.

 

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында  "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшы құрамының қатысуымен дәріс өткізілді.

 

Дәріс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.