
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесулер өткізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексі нормаларын сақтауға шақырды.