
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенатта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ядролық, радиактивті материалдардың, қалдықтар мен радиациялық қауіпті заттардың заңсыз орын ауыстыруының алдын алу бойынша өзара іс - қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол Кедендік бақылау саласындағы Тараптардың кеңейтілген ынтымақтастығы аясында заманауи технологияларды енгізу, бірлескен жаттығулар өткізу, сондай-ақ Тараптардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау, атап айтқанда, тараптардың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу және азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ескерілгенін атап өтті.
Мәселен, осы бағыттар бойынша Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттерінің аумағына екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес әкелуге тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдар мен қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды әкелуге жол берілмейді.
Президенттің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық және радиоактивті материалдардың, қалдықтар мен радиациялық қауіпті заттардың заңсыз орын ауыстыруын болдырмау рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және тиімді құқықтық реттеуге ықпал ететін осы Келісімді ратификациялау ұсынылады.
Сондай-ақ, Премьер - Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенатта 1992 жылғы 13 наурыздағы салық саясатының келісілген қағидаттары туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол хаттаманың негізгі мақсаты туралы, атап айтқанда, ережелері осы уақыттың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтін Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы, сондай – ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер тарапынан Келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы болмауы туралы атап өтті.
Осылайша, келісім нормаларына сәйкес тараптар салық салу қағидаттары мен ережелерін біріздендіру негізінде келісілген салық саясатын жүргізуге және Достастыққа кіретін барлық мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын негізгі салықтардың бірыңғай тізбесін қолдануға уағдаласты.
Сонымен қатар, 2017 жылғы қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында Келісімнің қолданылуын тоқтатудың орындылығы туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2021 жылғы 4 наурызда Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев Страсбург конвенциясына және қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қатысушы елдердің салық қызметтері арасындағы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы халықаралық шарт негізінде жүзеге асырылатын шет мемлекеттермен, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен салық қызметтерінің өзара іс-қимылының тәртібі туралы айтып берді.