Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Салық және кеден дауларын сотқа дейін реттеу жөніндегі аппеляциялық комиссия 2019 жылдың 9 айында 22 отырыс өткізді, онда салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға 192 шағым қаралды. 53 тексерістің (28%) нәтижелері бойынша салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қолданды және толық немесе ішінара жойылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Апелляцияық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасының Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары және «Protecting business and investments» жоба кеңсесінің басшысы бақылаушы ретінде қатысты, отырыстың қорытындысы бойынша, Апелляциялық комиссияның жұмысының әділдігін және шағымдарды объективті қарайтынын атап өтті.