Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясының жұмысы жөніндегі ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі  Біліктілік комиссиясының жұмысы жөніндегі  ақпараттық хабарлама

 

Құрметті «аудитор» біліктілік куәлігін алуға үміткерлер!!!

Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес жанынан құрылған Қазақстан Республикасының аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Біліктілік комиссиясы)қызметінің басталғаны туралы хабарлаймыз..  

2022 жылғы 21 сәуірде Біліктілік комиссиясының бірінші отырысы өтті, онда аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ кәсіби аудиторлық ұйымдар жанындағы Біліктілік комиссияларында бұрын тапсырған пәндердің емтихандарын өзара есепке алу туралы мәселе қаралды.

«Аудитор» біліктілік куәлігін алу үшін аудиторлыққа кандидаттар келесі:

  • қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
  • басқарушылық есеп;
  • қаржы және қаржы менеджменті;
  • салықтар;
  • құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы);
  • әдеп;
  • аудит пәндері бойынша емтихан тапсырады.

Бірыңғай емтихан модульдері, сондай – ақ аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізудегі бірыңғай тәсіл аудитор кәсібінің Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-ЕАЭО) кеңістігінде маңыздылығы мен беделін қамтамасыз етуге тиіс.

Анықтама: Аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығы ЕАЭО шеңберінде ашылады, бұл бір мемлекеттің аудиторлық ұйымдары мен аудиторларына Одақтың басқа елдерінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Біліктілік комиссиясымен келесі мекенжай бойынша байланысуға болады: kvalkom@psad.kz.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының аудиторлығына
кандидаттарды аттестаттау жөніндегі
Біліктілік комиссиясының мүшелері