Әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылғы қаңтар - сәуірдегі республикалық бюджеттің атқарылуы

Әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылғы қаңтар - сәуірдегі республикалық бюджеттің атқарылуы

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады.


 Е.Қ. Жамаубаев өз сөзінде кірістер бойынша жоспар 36 млрд. теңгеге артығымен орындалғанын, оның ішінде салықтар 24 млрд. теңгеге артығымен орындалғанын атап өтті.

Атап айтқанда, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға арналған электрондық сауда алаңы, Ойын бизнесіне салынатын салық және Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа тиесілі.

 Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 303 млрд.теңге түсті, оның ішінде тексеру актілерінің нәтижелері бойынша қоса есептелген сомаларды өндіріп алу есебінен шамамен 29 млрд. теңге.


Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8% –ке, Республикалық бюджеттің шығыстары 99,4% – ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5% - ке орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 4 айында шамамен 4,4 трлн сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылғаны атап өтілді.

 700-ден астам аудиторлық іс-шара өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 75 млрд.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 65 млрд. теңгеге бұзушылықтарды жойды.


 Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы айтып берді.