
Жоба «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу, бюджеттік бағдарламалардың атауларын өзгерту, қолданыстағы бюджеттік бағдарламаларды қайта атау мен толықтыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі түсімдер кодтарының атауларына өзгерістер енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 20 сәуірде орналастырылды.