
Бүгін Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 1992 жылғы 13 наурыздағы салық саясатының келісілген қағидаттары туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол хаттаманың негізгі мақсаты туралы, атап айтқанда, ережелері қазіргі уақыттың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтін Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы атап өтті.
Бұдан бұрын, келісімнің нормаларына сәйкес Тараптар салық салу қағидаттары мен қағидаларын біріздендіру негізінде келісілген салық саясатын жүргізуге және Достастыққа кіретін барлық мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын негізгі салықтардың бірыңғай тізбесін қолдануға уағдаласты.
Сонымен қатар, 2017 жылғы қыркүйекте Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында Келісімнің қолданылуын тоқтатудың орындылығы туралы шешім қабылданды. Содан кейін 2021 жылғы наурызда Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы Страсбург конвенциясына және қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция халықаралық шарт негізінде жүзеге асырылатын шет мемлекеттермен, оның ішінде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерімен салық қызметтерінің өзара іс-қимылының тәртібі туралы айтып берді.
#ҚРҚМбаспасөз_қызметі