
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында «Айша-бибі» шекара бекетінде екі автокөлік ұсталған.
Аталған автокөліктерді тексеру барысында «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімінің 25 920 көлеміндегі бөтелкедегі арақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданды. Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі