
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесулер өткізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан жолдастық турнир ұйымдастырылды. Турнир салауатты өмір салтын қалыптастыруға және командалық рух атмосферасын құруға бағытталды.