Қырғызстанмен шекарада 1 миллионнан астам жалған акциздік маркалар ұсталды

Қырғызстанмен шекарада 1 миллионнан астам жалған акциздік маркалар ұсталды

Қырғыз Республикасымен өзара саудада көлеңкелі сауданы азайту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Қырғызстан тарапынан тасымалданатын жүктер үшін электрондық шот-фактураның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген келісімдер экспортталатын тауарларды көлеңкеден шығаруға және соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау шараларын әлсіреуге бағытталған.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің жосықсыз қатысушылары қол жеткізілген келісімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына декларацияланбаған, контрафактілік жүктерді әкелу үшін өздерінің «сұр» схемаларын қолданады.

 Мысалы, 2022 жылғы 28 сәуірде Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінде тақырыптық салық тексеруі кезінде Беларусь Республикасының 1,1 млн жалған акциздік маркалары анықталды.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ, аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауарлар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды.
Осылайша, бақылаудың әлсіреуімен қатар бұзушылықтар айтарлықтай өсті және Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен Ресей Федерациясына өтуі тиіс тау-кен техникасы мен электронды темекілерді әкелу фактілері жиірек орын алды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында транзитте мәлімделген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында қалған тау-кен техникасының жалған транзитінің 6 фактісі анықталды.

 Айта кету керек, кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай әрекеттері ЕАЭО-дағы серіктес елдердің бюджетіне зиян келтіреді, сондықтан бақылау күшейтіледі.


#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі