
Бұл шектеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен белгіленген.
Бұйрыққа сілтеме:http://zan.gov.kz/client/#!/doc/166859/rus
«Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
#ҚРҚМбаспасөз_қызметі