«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы ядролық материалдардың, радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың және радиациялық қауіпті заттардың заңсыз орын ауыстыруын болдырмау жөніндегі өзара іс – қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

     Бүгін Мәжілісте Премьер – Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ядролық, радиоактивті материалдардың, қалдықтар мен радиациялық қауіпті заттардың заңсыз орын ауыстыруын болдырмауда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы  арасындағы өзара іс – қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды.

     Өз сөзінде Жамаубаев Тараптардың кедендік бақылау саласындағы кеңейтілген ынтымақтастығы аясында қазіргі заманғы технологияларды енгізу, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ Тараптардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау, атап айтқанда, тараптардың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу және азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ескерілгенін атап өтті.

Мәселен, заң қабылданғаннан кейін Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы  мемлекеттерінің аумағына екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес әкелуге тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдар мен қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды әкелуге жол берілмейді.

     Осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық және радиоактивті материалдардың, қалдықтар мен радиациялық қауіпті заттардың заңсыз орын ауыстыруын болдырмау рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және тиімді құқықтық реттеуге ықпал ететін болады.