Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын талқылау

Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын талқылау

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.


"Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін Төралқаның құрамы бекітілді, оның құрамына: Р. М. Жүрсінов – Төралқа Төрағасы, К. К. Орынханов – хатшы және Төралқа мүшелері:
Ж. С. Жандосова, М. А. Барышев және А. Ж. Медеубаева кірді.

Сондай-ақ, талқылау нәтижелері бойынша Министрлік қызметінің негізгі бағыттары: бюджеттің ашықтығы, салықтық және кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік активтерді басқару және Министрлік қызметін цифрландыру бойынша мынадай коммисиялардың құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2022 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Жоспар халық пен бизнесті толғандыратын өзекті мәселелерді, кеңес мүшелерінің Министрлік қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарын, сондай-ақ қызметтің басым бағыттары бойынша қаржы министрлігінің басшылығын тыңдауды көздейді.