Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алу рәсімдерін жеңілдетудің өзекті мәселелері

Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алу рәсімдерін жеңілдетудің өзекті мәселелері

ҚР Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегация мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алу рәсімдерін жеңілдетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Д.Кеңбеил «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мемлекеттік сатып алу және сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Дүниежүзілік банк өкілдері осы бағыттағы ұсынымдарымен бөлісіп, озық тәжірибені енгізу бойынша Қаржы министрлігімен тығыз бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың бұдан арғы жолдарын белгілеп, ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанда сатып алу мәселелері бойынша бірлескен семинар өткізуге уағдаласты.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі