
Қоғамдық кеңестің жаңа шақырылымының алғашқы отырысын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, қоғам өкілі С.Х. Көшкімбаев ашты.
Отырысқа қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері, Қаржы министрлігінің басшылығы және жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Сапар Хайсаханұлы Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі ретінде өз сөзінде жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Министрлік қызметінің ерекшелігін атап өтті және қоғамдық кеңестердің халықтың маңызды әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешудегі ерекше рөлін атап өтті.
Өз кезегінде, Қаржы министрлігі аппаратының басшысы А.Бейсенбекұлы жұмыс тобының мүшелеріне жоғары деңгейде жасалған тиімді жұмысы үшін алғыс айтып, сайлануымен құттықтап, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына жемісті жұмыс тіледі, сондай-ақ Қаржы министрлігі қызметінің негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды.
Отырыста Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілді, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды. Ол Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Жүрсінов Рустам Манарбекұлы болды.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің хатшысы анықталып, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды.