
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылды.
Қоғамдық кеңесті құру бойынша конкурсқа азаматтық сектордан 18 өтінім берілді, оның ішінде ашық дауыс беру арқылы 10 адам сайланды.
Өз кезегінде Министрліктен кеңестің құрамына 5 адам кірді.
Жұмыс істеп тұрған құрам Мемлекет басшысының қоғамдық кеңестерді күшейту және оған үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдерінің және Президенттік жастар кадр резервінің белсенді қатысуы жөніндегі талабын көрсетеді.
Бұдан басқа, Кеңес мүшелерінің бірі шығып қалған жағдайға азаматтық қоғамнан кандидаттардың резервтік тізімі анықталды.
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы туралы толық ақпаратпен мемлекеттік органның ресми сайтында (МО ИРБП) танысуға болады.