
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегациясымен кездесті.
Тараптар Жаңа Қазақстандағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, мемлекеттік борышты басқару стратегиясын, бюджет кірістерін арттыру тетіктерін, сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен экономикалық ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.
Жан-Франсуа Марто мырза Қазақстан Үкіметінің алдына қойылған міндеттерді іске асыруда консультативтік көмек көрсетуді ұсынды және тығыз бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді.
Е. Жамаубаев Үкімет Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын және әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастыққа сенімді екенін атап өтті.
#ҚРҚМбаспасөз_қызметі