
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (бұдан әрі – жоба) өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ережеге оны өзектілендіру мақсатында өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені өзектендіруге және оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Жоба 2022 жылдың 4 сәуірінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды (www.beta.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.