Аудиторлық қызметтің сапасын жақсарту

Аудиторлық қызметтің сапасын жақсарту

 

2021 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған және келесідей жаңа енгізулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді.

Біріншіден, аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес құру.

Кәсіби кеңес аудиторлық қызметтерді ұсыну сапасын арттыруды, қазақстандық аудиторлық есептерді әлемде тануды, корпоративтік басқару әдістерін енгізуді, аудиттелген компаниялардың қаржылық есептілігінің ашықтығы арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 16 қаңтардағы отырысында мақұлданды.

2019 жылғы 15 қарашадағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 498-отырысында мақұлданған заң жобасына тұжырымдамада сапаға сыртқы бақылау жүргізу жөніндегі Бірыңғай орган құру көзделген.

Сонымен бір мезгілде, бүкіл әлемде қоғам тарапынан өзін-өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырмайтын жария мүдделі ұйымдардың (ЖМҰ) аудитін қадағалауға жоғары көңіл бөлінетінін атап өтеміз. Аудиторлық қызметке өзін-өзі реттеуді енгізу сыртқы сапа бақылауын жүргізу және аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бірыңғай тәсіл мәселерін шешпейді.

Бүгінгі таңда аудиторлық ұйымдар салық, арнайы мақсаттағы қаржылық есептілік аудитін, сондай-ақ міндетті аудитті жүргізеді.  Бұл аудиттер стратегиялық объектілермен, сондай-ақ квазимемлекеттік секторға бөлінетін бюджет қаражатымен тікелей байланысты екенін атап өту қажет.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде жетекші орын алатын елдер осындай қадағалаудың оң тәжірибесіне ие (Финляндия-1, Швейцария – 7 орын, АҚШ – 2019 жылы 17 орын).

Заңның 13-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес кәсіби кеңестің мүлкі міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдардан, кәсіби ұйымдардан бір жолғы немесе тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және кәсіби кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін көздер есебінен қалыптастырылады.

Кәсіби Кеңеске оның құрылтайшылары берген мүлік кәсіби кеңестің меншігі болып табылады.

Кәсіби кеңес құрылтайшыларының кәсіби кеңестің мүлкіне мүліктік құқықтары жоқ.

Осыған байланысты, заңнамада кәсіби кеңестің жылдық мазмұнының сомасы және бақылаушының жалақысының мөлшері белгіленбеген. Бұл кәсіби кеңестің жұмыс процесінде ұжымдық түрде анықталады.

Екіншіден, Заңның 13-1-бабының 4-тармағына сәйкес кәсіби кеңестің басқармасы кәсіби кеңестің жоғары басқару органы болып табылады, оның қарауына Қазақстан Республикасының заңдарында, кәсіби кеңестің жарғысында және кәсіби кеңестің ішкі құжаттарында айқындалған, кәсіби кеңестің қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жатады.

Заңның 13-1-бабының 5-тармағына сәйкес басқарма құрамына:

1) кәсіби ұйымдардан - саны бірдей;

2) уәкілетті органнан (басқарма төрағасы болып табылатын, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша басшы немесе оның орынбасары);

3) аудитке қатысты мәселелер бойынша – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамынан;

4) «Астана» халықаралық қаржы орталығынан;

5) жоғары оқу орындарынан және (немесе) ғылыми ұйымдардан өкілдер;

6) сондай-ақ «аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар тәуелсіз директор кіреді.

Басқарма мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бұл ретте кәсіби ұйымдар өкілдерінің саны Басқарма мүшелерінің жалпы санының үштен бірін құрауға тиіс. Басқарманы Төраға басқарады (Заңның 13-1-бабының 6-тармағы).

Үшіншіден, кәсіби аудиторлық ұйымдар кәсіби кеңестің құрамына кіреді және негізгі басшыларды дауыс беру және қайта сайлау арқылы Кеңестің шешімін қабылдауға қатысады.

Бүгінгі таңда ҚР Әділет Министрлігімен 7 кәсіби кеңес тіркелді.

Сонымен қатар, кейбір тіркелген кәсіби кеңестер ҚР Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) құрылтай құжаттарын ұсынбаған не ұсынылған құрылтай құжаттары заңнамаға сәйкес келмейді.

Осылайша, «ҚР аудиторлар палатасы» КАҰ құрған аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңестің ұсынылған құрылтай құжаттарын қарастырыпп, сондай-ақ ҚР заңнамасының нормаларын басшылыққа ала отырып, Министрлік «ҚР аудиторлар палатасы» КАҰ құрған аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңеске Басқарма Төрағасы ретінде Министрдің (өзара алмасушылығы бойынша вице-министр) кандидатурасын жолдады.

Анықтама: Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 29 наурызда «Коллегия аудиторов» КАҰ-ның және «Professional Auditing Council» аудиторлық қызмет жөніндегі Кәсіби кеңесінің Қаржы министрлігіне «Professional Auditing Council» аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби Кеңес коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органына ҚР ҚМ өкілін жіберуді міндеттеу туралы талап арызы бойынша Министрліктің пайдасына бас тартқанын атап өтеміз (сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ)

Сондай-ақ, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы №7514-20-00-2/321 қайтадан реттеушілік әсерге талдау жүргізу бөлігінде Д. Э. Нурсеитовтың талап арызы бойынша Министрліктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің пайдасына толық көлемде бас тартылды.