Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шаралары

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шаралары

       Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Жолдауы мен "Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" атты тапсырмаларын жедел орындау шаралары туралы баяндады.
        Министр баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылатынын атап өтті. Бұл ретте Мәжіліс тарапынан бақылау күшейетін болады. Мұндай тәжірибе кейбір дамыған мемлекеттерде бар. Осының бәрі Конституцияны қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді. Тиісті түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын болады.
       Мемлекеттік сатып алуды жеңілдету мақсатында бюджеттің 4-ші деңгейі шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен айлық есептік көрсеткіш  3 мың еселенген мөлшеріне дейін тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша норма көзделген.
      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қайта құруды ескере отырып, сатып алу тәртібін одан әрі оңайлату "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" ҚР заң жобасы шеңберінде пысықталатын болады.
      Жұмыста басты назар формализм мен артық рәсімдерді жоюға, жергілікті жеткізушілерді қолдауға және жұмыс орындарын құруға, сатып алу процесін бақылауды жүзеге асыруға халықтың қатысуына және шарттардың орындалуына аударылады, деді министр                      Ерұлан Жамаубаев.