«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілді

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілді

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 475-бабының 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз таңдауы бойынша:

есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;

Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күні төленеді.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 172-бабының 7-14-тармақтарына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға, есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді, есепті ұсынады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқанда «шарап материалы» ұғымы «толысылған шарап», «сыра және сыра сусыны» ұғымы «сыра қайнату өнімімен»ауыстырылды.

«Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасын сәйкес келтіру және жоғарыда көрсетілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер
интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14005709).