
Бүгін, а.ж. 5 наурызында, Қаржы министрлігінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Аталған шарада Министр Ерұлан Жамаубаев ұжымдағы нәзік жанды әріптестерді келе жатқан мейрамдарымен құттықтады.
Сонымен қатар, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелерінде ерлермен қатар еңбек ететін көпбалалы аналарға Министрліктің Алғыс хаттары табыс етіліп, салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.