Қаржы министрі азаматтарды қабылдады

Қаржы министрі азаматтарды қабылдады

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында мемлекеттік сатып алу, салықтық есептілік, бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыланды.

Азаматтардың кейбір сұрақтары бойынша шаралар сол жерде қабылданды, ал бірқатар сұрақтар мен өтініштер бойынша Министр  тиісті ведомстволар мен бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді.