Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы

      Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу бойынша Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілді.

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабына сәйкес, Сақтандырудың үлгілік шарты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады.

       Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабымен қарастырылған қамтамасыз етудің барлық түрін қолдануға болады.

       Бұл ретте, мемлекеттік сатып алудың барлық субъектілері мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қатаң түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін ескеруі тиіс.