
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы және «Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығының күші жойылды деп тану
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы және «Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығының күші жойылды деп тану «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағын және 429-бабының 10-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бүгінгі күні ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібі және ТБЖ мен тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын қолдану тәртібі әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушыларға қолайсыздық тудырады (осы мемлекеттік қызмет бойынша іс-қимылдардың толық хронологиясының болмауы, іздеудің қиындауы).
Осыған байланысты Бұйрық жобасы оларды жүргізу хронологиясын ескере отырып, тәртіптерді біріктіруді жоспарлауда.
Бұдан басқа, ҚҚС асып кетуін қайтаруды әкімшілендіруді жақсарту және бизнестің барлық қатысушылары үшін тең шарттарды сақтау мақсатында Бұйрық жобасы ТБЖ қолдану қағидаттарын қайта қарау арқылы ҚҚС асып кетуін қайтаруды оңтайландыруды көздейді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 8 ақпанға дейін.