Министр Е. Жамаубаев «Nur Otan» партиясы өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді

Министр Е. Жамаубаев «Nur Otan» партиясы өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Nur Otan» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауы өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді.

Онлайн қабылдау барысында кәсіпкерлікті қолдау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік аудит және бизнес субъектілерін салықтық тексеру мәселелері талқыланды.

Азаматтардың кейбір сұрақтары бойынша шаралар сол жерде қабылданды, ал бірқатар сұрақтар мен өтініштер бойынша Министр  тиісті ведомстволар мен бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді.