
««Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 126 бұйрығы қабылданды, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 ақпанда № 26822 болып тіркелген.
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
25 маусымдағы № 290 «Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 «Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу және жаңа түзетулермен сәйкестендірілді.
Осы бұйрықпен «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» және «Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына түзетулер енгізілді.
Назар аударамыз, Қағиданың 6-қосымшасының 11-тармағына сәйкес аккредиттеуге арналған материалдар жаңартылған және өзгерген жағдайда күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады:
1) ХҚЕС; Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап ұсынылады.