
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының трансшекаралық пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу және пайдалану» МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты: Тиісті бақылау-өткізу пункттерінде (бұдан әрі-БӨП) кезекті алдын ала қашықтықтан броньдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының бақылау-өткізу пункттерін кесіп өтетін жүк көлік құралдарының тұрып қалу уақытын азайту (МЖӘ жобасының қызметінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер есебінен де, сондай-ақ бар берешектердің: ЖҚЕ айыппұлдары, ақылы жолдарды «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ пайдаланудың төленбеген сомалары, салық берешектері), ақылы автокөлік жолдарын (жолдарын) міндетті төлемдер есебінен де мемлекеттік бюджетке ақшалай төлемдердің түсуін ұлғайтуға жәрдемдесу, БӨП-ке электрондық кезекті цифрландыру есебінен Кедендік бақылау жүйесінде ашықтықты арттыру, Қазақстан Республикасынан кететін адамдардың шекарадан өту процесін автоматтандыру.
Жобаның міндеттері:
1) «Бақылау-өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – Жүйе) енгізуді/орнатуды және пайдалануды ұйымдастыру;
2) жүйенің техникалық құрылғылары мен жабдықтарының сапалы жұмысын қамтамасыз ету, тиісті техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету, сондай-ақ мобильді қосымшаны енгізу;
3) МЖӘ мерзімі ішінде жүйенің сапалы техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету (басқару).
МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде бірыңғай автоматтандырылған жүйені құру және оның жұмыс істеуі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің болжамды көлемі:
Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту үшін жүк көлік құралдарының кезегін тіркеудің және брондаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және құру (БӨП-те);
МЖӘ жобасының міндеттеріне сәйкес келетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға айрықша құқықтарды сатып алу;
Жүйені енгізу, оны іске қосу, баптау, тестілеу және толық бейімдеу;
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану модулімен қолжетімділікті басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қамтитын қажетті жабдықты орнату;
Жүйені мемлекеттік әріптестің және басқа да ықтимал қатысушылардың қолданыстағы жүйелеріне, олардың қолданыстағы инфрақұрылымына қосу: жүргізушілердің/көлік құралдары иелерінің берешегі туралы деректер алу, кезекті броньдау мүмкіндігі туралы өзекті ақпаратты қамтамасыз ету үшін;
Жүйенің мобильді қосымшасын әзірлеу және қолдау;
Kaspi және Halyk төлем жүйесі (қосымша)арқылы электрондық кезекті брондау қызметі үшін ақы төлеу мүмкіндігін қосуды қамтамасыз ету;
Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жүйеге қатысушылар мен олардың клиенттері – жеке және заңды тұлғалар – жүргізушілер немесе көлік құралдарының иелері үшін 24/7/365 режимінде қызметтер көрсету;
Жүйені пайдаланушылар мен қатысушылар үшін тиісті әдістемемен және әдістемелік материалдармен, анықтамалық және оқыту материалдарымен қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда жүйенің жұмысының соңғы пайдаланушыларын оқытуды жүргізу;
Жүйе пайдаланушыларын консультациялық және техникалық қолдау қызметін ұйымдастыру;
Жүйе жұмысының мониторингін жүзеге асыру және мемлекеттік әріптеске мониторинг нәтижелері туралы ақпарат беру.
Жүйеге техникалық қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін БӨП электрондық кезек жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру;
МЖӘ объектісін (жүйесін) сапалы пайдалануға және басқаруға байланысты өзге де қызмет түрлері.
Жобаны іске асыру мерзімі: 30 (отыз) жыл.
Жүйені орнату/енгізу және іске қосу мерзімі - 2022 жыл
МЖӘ объектісін (жүйесін) пайдалану мерзімі – 2022 – 2052 жылдар.
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасының 11 өңірі немесе 48 БӨП.
Мемлекеттік қолдау шаралары:
Жоқ.
Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:
МЖӘ жобасы бойынша Мемлекеттік әріптестің шығындарды өтеуі көзделмеген;
жекеше әріптестің кірістері коммерциялық секторға қызметтер көрсету есебінен қамтамасыз етіледі.
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі:
Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.
Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:
- Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Баламалы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттарды қамтуға тиіс;
- құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
- төлем қабілеттілігінің болуы, салықтық берешегінің болмауы;
- МЖӘ шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
- таратылуға жатпайды, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс
Әлеуетті жекеше әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша баламалы ұсыныстары осы хабарламада көрсетілген тең немесе одан жоғары (мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс.
МЖӘ жобасын іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс.
Уәкілетті тұлғалар:
Бетризова Алия Ахмедовна – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің басқарма басшысы,
е-mail: a.betrizova@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)75-02-42;
Еркебек Дамир Айдарбекұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің бас сарапшысы,
е-mail: o.ybyrai@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)74-97-20.
Қағидалардың 136 тармағына сәйкес, балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.