Қаржы министрлігінде мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Қаржы министрлігінде мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

       ҚР Қаржы министрлігі қызметінің маңызды принциптерінің бірі - мемлекеттік ведомстволардың шешімдерін қабылдауға қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету және ашықтық болып табылады. Бұл Мемлекет басшысының халық алдында есеп беретін мемлекеттік органды қалыптастыру бойынша қойған міндетіне сәйкес келеді.

       Қойылған міндетті іске асыру үшін 2015 жылы Қоғамдық кеңестер институты құрылды, ол мемлекеттік органдардың  халықпен кері байланысының тиімді тетігіне айналды.

       2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу арқылы қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі кеңейтілді.

      Заң талаптарына сай, ақпан айында мемлекеттік қаржыландыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қазіргі құрамының өкілеттік мерзімі аяқталады.

      Осыған байланысты, Қаржы министрінің қатысуымен  жұмыс тобын құру жөнінде мәжіліс өтті, оған конкурсқа құжат тапсырған кандидаттар шақырылды.

      Нәтижесінде жұмыс тобының құрамына Министрлік өкілдері мен конкурстық негізде іріктелген азаматтық қоғам өкілдері кірді, олар алдағы уақытта Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлайтын болады.