«2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
Хаттамамен 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) оны 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа, сондай-ақ оларда пайдаланылатын терминология мен ұғымдық аппаратқа сәйкес келтіру мақсатында қол қойылды.Осыған байланысты, Министрлік осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14003112