Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау механизмдерін әзірлеу

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау механизмдерін әзірлеу

       Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар легін баяндады. Атап айтқанда, кеден саласындағы тәртіпті қалпына келтіру, оның ішінде кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша бірқатар жедел және жүйелі шаралар әзірленді.

       Министр мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауға қатысты бюджет шығыстарын бағалау құралдары артатынын, яғни шығыстарды қайта қарау тетігі және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бюджеттік шығыстардың мониторингі жүйесінің нәтижелерін пайдалана отырып, қаражатты бөлудің басымдықтарын белгілеуді көздейтінін атап өтті.

     Шетел асқан капиталды елге қайтару және елден, оның ішінде оффшорлық юрисдикциялардан қаражаттың шығарылуын бұғаттауға бағытталған шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленіп, мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

    Сөз соңында Министр мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңалықтарға тоқталды, нақтырақ айтқанда, бір көзден сатып алуды қысқарту шаралары жалғасын табатын болатындығын айтты.